Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйдегі өрттен ер адам қаза тапты

None
ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрттен қайтыс болған тағы бір оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үйдегі өрт 6 желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов ауданы Новоселовка ауылында болған.

Өрт сөндірушілер келгенше ауыл тұрғындары 65 жастағы ер адамды эвакуациялады. Оқиға орнында құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, үйден екі газ баллонын, сонымен қатар 40 жастағы ер адамның денесін алып шықты.
Ғ.Мүсірепов аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Санат Мұқашев оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
Осыдан бірнеше күн бұрын Есіл ауданында егде жастағы әйел өз үйінде өрт шығып, қайтыс болды.
Жыл басынан бері облыста 623 өрт оқиғасы тіркелсе, оның 73 пайызы тұрғын үй секторында болған. Өрт кезінде 30-дан астам адам қаза тапқан.
Соңғы жаңалықтар