Солтүстік Қазақстанда сот аудан әкімін жазалап, айыппұл салды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қызылжар ауданының әкіміне және осы ауданның жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушыға ақшалай өндіріп алу жазасын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жер комиссиясының іс-әрекетін жоққа шығару туралы әкімшілік іс қаралды.

Алдын ала тыңдауда аудан әкіміне және мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлғаға ақшалай өндіріп алу жазасы қолданылды.

«Ақшалай өндіріп алуды қолдануға сотқа талап бойынша жазбаша қарсылықтың және уақытша өтеулі жерді пайдалануға құқық беру бойынша конкурстың материалдарын ұсынбау негіз болды.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңына сәйкес әкім әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде басшылық және бақылау жүргізетін лауазымды тұлға екендігін ескерді.

Мемлекеттік орган басшысының міндетін уақытша атқарушы тұлға мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді тікелей орындаушы ретінде жауап берді», - делінген баспасөз хабарламасында.

2021 жылдың 28 шілдедегі сот ұйғарымымен лауазымды тұлғалардың әрқайсысы 10 АЕК мөлшерінде, яғни 29 170 теңге төлеуге тиіс.


Соңғы жаңалықтар