Солтүстік Қазақстанда полицияның бірнеше басқармасы қысқарды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінде штаттар оңтайландырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция ведомствосының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 281 штат қысқарған. Бұл аттестаттан өткен құрамның 10% құрайды.

«Департамент аппараты оңтайландыру аясында штатты қысқарту кезінде барлық басқармалар мен бөлімдерде орта буын басшыларын - бөлім бастықтарын қысқартты. Олардың орындарына атқарушы қызметі енгізілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы криминалдық полиция басқармасымен, анықтау басқармасы - тергеу басқармасымен, жедел жоспарлау басқармасы - штаб жасағымен және арнайы дайындық басқармасымен қосылып, оңтайландырылды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жол-патрульдік полицияның облыстық, қалалық және 4 аймақтық бөліміндегі 227 кіші басқарушы құрам орта басқарушы құрамға ауыстырылды.

Алдағы үш жылда департаментте ішкі істер органдарындағы сержанттық құрамды офицерлік санатқа ауыстыру арқылы оңтайландыру жоспарланып отыр.

«Оңтайландыру үрдісі ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Руслан Тасимов.


Авторы Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар