Солтүстік Қазақстанда полицей қауіпті жағдайдың алдын алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Күре жолда қайғылы оқиғаның алдын алған солтүстікқазақстандық полицей энергетикалық компанияның алғысына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Тимирязев АІІБ бастығының орынбасары Нарлан Жұмабаевтың жолда қайғылы жағдайдың қалай алдын алғандығын айтты.

Ол демалыс күні өз шаруасымен Петропавлға бара жатқан. Нөсер жаңбыр құйып тұрған. Полицей кенеттен Есіл ауданы Заречное ауылына таяу маңда жел құлатқан электр желісінің тірегін байқап қалған. Жолды кесіп жатқан электр сымдары жеңіл көлік деңгейінде болған.

«Полиция подполковнигі сол жерде шұғыл апаттық белгіні қосқан. Соңынан келе жатқан көліктерді тоқтатып, апаттық бригада жеткенге дейін қозғалысты реттеп тұрған. Көлік кептелісін туғызбау үшін ол қалаға қарай кетіп бара жатқан көліктерді қауіпті учаскені айналып, қарсы жолақпен жүргізген», - деп атап өтті баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар