Солтүстік Қазақстанда орман алқабы кеңейіп келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 1,4 мың гектар аумаққа орман отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Садуақасовтың айтуынша, бұл жоспарланған көрсеткіштен 400 гектарға жуық асырылған.

Нәтижесінде облыс бойынша орман жабылған аумақ 984 гектарға көбейіп, 436 мың гектарға жеткен.

Қ.Сәдуақасов санитарлық тұрақтылықты сақтау және арттыру үшін көшеттер өңделіп отырғанын атап өтті. Былтыр 290 гектар жер өңделген. Күзгі патологиялық зерттеу орман зиянкестерінің таралу ошақтарының жоқ екенін көрсетті.

Жерасты суларының көтерілуі салдарынан орманның сулануы тағы бір проблема болып отыр. Өткен жылы бұл 22 мыңнан астам гектар жерде болған. Су басқан ормандар кесіліп, ағашы оты ретінде пайдаланылады.

«Көшет өсіру үшін облыста 29 уақытша орман тәлімбағы бар, ондағы егу бөлімдерінде 7 млн данаға жуық көшет өсіріліп жатыр», - деді Қ.Садуақасов.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар