Солтүстік Қазақстанда он жылда халық саны 7,3% азайған, орташа жалақы - 177 мың теңге

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық экономика министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық дамуы туралы статистикалық мәлімет жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы республиканың аграрлық-индустриалды аймағына жатады.

Облыс солтүстігінде Ресеймен (Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен), шығысында Павлодармен, оңтүстігінде Ақмола, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі.

Облыста 1 облыстық маңызы бар қала, 4 аудандық маңызы бар қала, 13 аудан, 635 кент, 186 ауылдық округ бар.

Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 534 108 адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 258 927 адам, ауыл халқы – 275 181 адам.

Соңғы он жылда облыс халқының саны 7,3% қысқарды (2012 жылғы 579 700 адамнан 2022 жылғы 534 108 адамға дейін).

Демографиялық жағдай халық санының азаюымен сипатталады, ол тек көші-қон ағынының есебінен ғана емес, сонымен бірге 2020 жылдан бастап табиғи төмендеу есебінен де азаюда (2022 жылы 1000 адамға -0,7).

Әсіресе, ауылдарды қоныстандыру үрдісі байқалатын шекаралас аймақтарда мәселе өткір болып тұр.

Бұл ретте облыстағы жалпы халықтың 41 проценті (222 мың адам) облыс орталығы Петропавлда тұрады.

Былтыр облыстың ЖӨӨ көлемі 2122,8 млрд.теңгені құрады, облыстың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2% (1990 ж. – 7,3%, 2000 ж. – 2,7%, 2012 ж. – 2,2%).

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ - $8 591,7 (2012 ж. - $7 837,2).

Облыстың еңбек нарығындағы жағдай жалақының төмен деңгейімен сипатталады (2022 жылғы қаңтар-қыркүйекке – 222,6 мың теңге, республика бойынша 19 орын, ҚР – 299,4 мың теңге).

Бұл ретте 2022 жылы орташа жалақы 177,5 мың теңге (ҚР – 204,1 мың теңге) болды.


Соңғы жаңалықтар