Солтүстік Қазақстанда макарон шығаратын кешен іске қосылды

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы ұн тарту-макарон шығару кешенін іске қосты.

«Бүгін біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберіндегі тағы бір нысанды іске қосқалы отырмыз. Бұл «Егін» ЖШС ұн тарту-макорон кешені жылына 4 мың тонна өнім шығаратын болады», - деді облыс әкімі Серік Біләлов.

«Солтүстік Қазақстан облысын да жетістіктерімен құттықтаймын. Әсіресе, биылғы жылы астықтың түсімі рекодтық көрсеткішке жетті. Өңірдегі машина құрылысы қуаты да артып келеді. Нысандар жоғары технологиямен жабдықталып, жоғары білікті кадрлармен қамтылып отыр. Ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру мақсатында біз осындай тапсырманы жүктеген болатынбыз. Бұл аграрлық сектордың алдындағы үлкен шаралардың бірі. Нысан құтты болсын!», - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар