+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылғы 20 тамыз 09:35
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жасыл ел» республикалық штабының жаңа жетекшісі тағайындалды Алматы цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство 34 жастағы Құралбек Атамұратовқа сеніп тапсырылған.

Қ. Атамұратов 2001 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы орта мектепті бітірген, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде оқып, «қоғаммен байланыс» мамандығын алып шыққан.

2005-2009 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

2013 - 2019 жылдары мәдениет және ақпарат саласына маманданған коммерциялық құрылымдарды басқарған. Алматы қаласындағы ауқымды мәдени шараларды ұйымдастырған, «Қазақстан» РТРК, «Хабар», «31-арна», «Алматы» телеарналарында теле-видеоөнімдерді шығаруға продюсер болған.

Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстанның Автожолшылар қауымдастығының вице-президенті болды.

Айта кетейік, облыста мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы лауазымы ақпан айынан бері бос тұрған еді.


Автор: Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT