+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда құрылысшының өліміне қатысты іс қайта тексеріледі

2021 жылғы 22 қазан 15:06
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда құрылысшының өліміне қатысты іс қайта тексеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда құрылысшының өлімімен аяқталған қайғылы оқиға қайта тексеріледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірнеше күн бұрын Петропавл қаласында жұмысшы құрылыста қазақ тапқан болатын. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бұл оқиғаны жұмыс беруші мен жұмысшының арасында ешқандай келісімшарт болмағандықтан, еңбек жағдайындағы қайғылы оқиға деп саналмайтынын айтқаны туралы БАҚ-та мәлімет тарады. Сонда жұмыс беруші жауапкершіліктен құтылып кетеді деген сөз бе?».

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұловқа осындай сауал қойылды.

«Шынымен де осындай факті бар. Бүгі екінші күн осы мәселемен айналысып жатырмыз. Сіз айтып отырған кәсіпорнда шынымен де қайғылы оқиға болған. Зардап шеккен жұмысшы аталған кәсіпорында бірінші күн жұмыс істеген екен. Осыған байланысты жұмыс беруші еңбек нормасын өте өрсекел бұзған. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, бәрін айта алмаймыз. Бірақ бізге берілген ақпарат бойынша, қайтыс болған жұмысшы еңбек келісімшартынсыз жұмысқа жіберілген. Оған жеке қорғаныш заттары берілмеген. Яғни, онымен ешқандай нұсқау жұмыстары жүргізілмеген. Неге екені белгісіз, бірақ осы қайғылы оқиғаны тексерген оны комиссия өндіріспен қатысы жоқ деп қорытынды шығарған», - деген Төлеген Оспанқұлов аталмыш оқиға бойынша қайтадан тексеру жүретінін атады.

«Біз бұл мәселені бақылауымызға алдық. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясына істі қайтадан көтерту туралы тапсырма бердік. Сондықтан әділдік орнайды деп ойлаймын. Біздің қолымыздағы мәліметтердің бәрі расталса, аталмыш қайғылы оқиғаны өндіріспен байланысты деген қорытынды шығарылады. Іс бақылауымызда», - деді Бас мемлекеттік еңбек инспекторы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT