Солтүстік Қазақстанда күріш пен қант арзандады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауар бағасы бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, өткен айда азық-түлік бағасы 0,6%, азық-түлік емес тауарлар - 0,4%, ақылы қызметтер құны 0,3% артқан.

Соның ішінде жұмыртқа бірден 7,7%, тоқаш-ұн өнімдері - 1,8%, май - 1,1%, балық пен теңіз өнімдері - 1%, кондитерлік өнімдер - 0,6%, ет пен ет өнімдері - 0,4% қымбаттаған. Аз да болса сүт өнімдері мен алкогольсіз сусындардың бағасы өзгерген.

Темекі өнімдері - 3,6%, арақ-шарап - 1,3% қымбаттады. Көкөніс құны - 3,2%, жеміс-жидек - 0,3% артты. Алайда күріш 5,8%, қант - 2,5% және ұн 0,8% арзандап отыр.

Мамандардың айтуынша, газет, кітап, кеңсе тауарларының бағасында да өзгеріс бар. Олар 0,4% қымбаттаса, жууға арналған, тазартқыш құралдар, фармацевтикалық өнім бағасы 0,3% артқан.

Өңірде қаңтар айынан бастап жанармай 1,5%, дизель отыны 1,1% қымбат саудалануда

Ал жерлеу қызметін көрсететіндер 12%, сақтандыру компаниялары 5% ақыны көтерген. Теміржол көлігімен жүру - 5,6%, автокөлікпен жол жүру 0,6% қымбаттап отыр.


Соңғы жаңалықтар