Солтүстік Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 14 қыркүйекте ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұма күні синоптиктер өңір тұрғындарына қар мен үсік емес, жазғы табиғат құбылысы - жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжап отыр.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің дерегі бойынша, облыста күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін», - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.  

Соңғы жаңалықтар