Солтүстік Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты жедел желі іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте боран соғып, облыстық, республикалық маңызы бар кей жолдар жабылды. Қар құрсауында қалған 13 адамға көмек қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, боран, көктайғақтың салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Ақмола облысы мен Новоишимка елді-мекеніне дейінгі аралық, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Қостанай және Ақмола облыстарының шекарасына дейін және «Көкшетау-Рузаевканың» Саумалкөл мен Рузаевка аралығы жабылды. Қолайсыз ауа райына байланысты жолдарды жабу көлік жүргізушілерді көптеген жайсыздықтан құтқарады. Алайда кей көлік жүргізушілеріне жедел көмек көрсетуге тура келген.

Жолдарды қар алып қалуына байланысты Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының аумағында жергілікті атқарушы органдар, ЖШС және құтқарушылар 5 жеңіл көлікті эвакуациялады. Оларда 12 жолаушы болған, ешқайсысына медициналық көмектің қажеті болмады.

Ал 4 ақпан кешқұрым Ғ.Мүсірепов ауданында «Екатеринбург-Алматы» жолының Тоқсан би ауылының маңында МАN маркалі машина жол шетіне түсіп кеткен. СҚО ТЖД мамандары, жергілікті атқарушы органдар және ДЭУ-66 кәсіпорнының көмегімен жүк көлігін шығарып, ол жолын жалғады.


Соңғы жаңалықтар