Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика өңірлеріндегі көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жайлы ақпараттар легін жалғастырамыз. Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруалар биылғы жылы дәнді дақыл, майлы дақыл, жемшөп және көкөніс егілетін егістіктерге ылғал жабу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайдыҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысындағы егіс алқабы - 4,2 млн га. Оның ішінде дәнді дақылдар - 2,8 млн га, майлы дақылдар - 955,4 мың га, мал азығы - 352,9 мың га, картоп - 32,5 мың га, көкөніс - 6 мың га.

«Биылғы егіс науқанын өткізуге 13,6 мың трактор, 15,8 мың тұқым сепкіш, 1,2 мың қазіргі заманғы өнімділігі жоғары егіс кешендері жұмылдырылады. Облыстың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қолда бар техникаға жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізуде. Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы - 99%. Жыл басынан бері облыстың машина-трактор паркі 6,7 млрд теңгеге 433 техника алды. Оның ішінде 90 трактор, 15 егіс кешені және 154 астық тұқым сепкішпен қосымша толықты» делінген хабарламада.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысына 68,9 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінген.

ҚазАгро қаржы институттары арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жыл басынан бері 16,6 млрд теңгеге 316 өтінім қаржыландырылды.


Соңғы жаңалықтар