Солтүстік Қазақстанда қайыр сұрап жүрген шетелдік ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері бір күннің ішінде көші-қон заңнамасының бұзылуына қатысты 100-ден астам фактіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшылары базарларды, құрылыс нысандарын және шаруа қожалықтарын тексерген.

«Күн жылынғанда Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен адамдар жұмыс істеуге келе бастайды. Олар Қазақстанның шекарасын кесіп өткенде жұмысқа орналасатындықтарын көрсетпейді және сол үшін патент алмайды. Ал өңірдегі кейбір жұмыс берушілер әлеуметік міндеттемелері жоқ төмен ақы төленетін жұмысшыларды пайдаланғысы келеді», - деді көші-қон қызметі басқармасының басшысы Талғат Әбілов.

Полицейлер бір күннің ішінде Қазақстан азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 36 оқиғаны анықтады. Олардың ішінде 17 тұрғын шетелдіктерді қабылдаушы ретінде келгендердің дер кезінде тіркеуге тұруына әрекет жасамаған.

ТМД елдерінің 81 азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. Оның екеуі қамалды. Оның ішінде қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысқан Тәжікстан азаматы бар. 

Соңғы жаңалықтар