Солтүстік Қазақстанда қатты жел тұрады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 9 қазан күні аймақта оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын қатты жел соғып, күндіз жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

9 қазанда Петропавлда оңтүстік-батыстан 20 м/сек жылдамдықпен жел соғып, күндіз жел қарқыны 25 м/сек дейін жетеді.

«Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайдың алдын алу үшін шара қолдануды ұсынады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар