Солтүстік Қазақстанда қар жаууы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 5 облысында 5-6 мамыр күндері ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында сотүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін, сондай-ақ жауын, қар жаууы ықтимал.

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, 6 мамырда Алматы облысы мен Алматыда жауын жауып, кей жерлерде тіпті нөсерлетеді. Осыған байланысты өзендер мен көлдерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы да ықтимал.

Сондай-ақ 6 мамырда Жамбыл облысында жауынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Қостанай облысы бойынша 5 мамыр күні жел күшеюіне байланысты ескерту жарияланды. Түнде кей жерлерде, күндіз елдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына15-20 метр болады, кей жерлерге тұман түсуі ықтимал.

5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, шығыстан соғатын жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетіп, шаңды дауылға ұласуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар