Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда бір күн бұрын жоғалып кеткен 73 жастағы ер адам белгісіз жағдайда көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зейнеткер Суворов көшесіндегі 253-үйден белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған.
Ол жеңіл киініп шығып кеткен. Қария есте сақтау қабілетінен айырылған.
Оның туыстары әлеуметтік желілерде зейнеткердің жоғалып кеткені туралы хабар таратқан, оны іздеуге еріктілер де қосылған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қаңтар таңертең Комаров көшесіндегі үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылған.
Бұл туралы 102 пультіне қала тұрғыны хабарлады.
«Із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп хабарлады баспасөз қызметі.
- Алматыда жыл басынан бері 150-ге жуық өрт тіркелген
- Қостанайда жол апатынан қаза тапқандардың саны жетеу болды
- Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
- Қылмыстық топ еліміздің төрт қаласына пойызбен есірткі тасымалдаған
-
Петропавлда жатақханадағы жарылыста күйіп қалған бойжеткен қайтыс болды
-
СҚО-да үйде жалғыз қалған 6 жасар бала өрттен көз жұмды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам