Солтүстік Қазақстанда ірі қарадан бруцеллез анықталған ауылға шектеу енгізілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Камышлов ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, аталған елді мекен аумағында шектеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлов ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгілесін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Тоқшын ауылдық округінің әкімі Б. Имантаевтің шешімінде.

Мәлім болғандай, жыл басынан бері ірі қарадан алынған қан сынамаларының нәтижесінде 5 бастан бруцеллез анықталған.

«Биыл Аққайың ауданы Камышлов ауылында ірі қара малдан бруцеллез аурына жүргізілген жоспарлы диагностикалық зерттеу нәтижесінде 201 қан сынамасының бесеуі бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Осыларды ескере отырып, СҚО, Аққайың ауданы, Тоқшын аулдық округінің Камышлов селосында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдау қажет», - деп жазылған құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде.

Қоса кетсек, жыл басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында 60 шақты малдан бруцеллез анықталып, олардың көзі жойылған болатын.


Соңғы жаңалықтар