Солтүстік Қазақстанда дауыл тұрып, бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18-19 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, найзағай ойнайды, күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

«Қазақстанның шығысына Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан келген салқын ауа ағындары жылжып келеді. Сондықтан алдағы үш күнде аталған өңірлерде оқтын-оқтын жаңбыр себелеп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы мүмкін, екпіндете жел соғып, ауа температурасы климаттық нормадан төменірек болады», - делінген хабарламада.

Ал оңтүстікте және батыс облыстарда аптап ыстық болады. Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жоғары атмосфера қысымы тұрақталуына байланысты, күн ашық әрі ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар