Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер жас босанған әйелге жол бойында ота жасады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлердің көлігі сынып жолда қалып, олар әйелге қажетті отаны құтқарушылардың көлігінде жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мүсірепов ауданы Новоишимка елдімекеніндегі № 16 өрт сөндіру бөлімшесіне таңғы сағат 8.30 шамасында көмек сұраған хабарлама түседі.

Мұқыр елдімекенінде мүмкіндігі шектеулі 21 жастағы әйел босанған. Оны сәбиімен аудандық ауруханаға жеткізуі тиіс жедел жәрдем көлігі жолда қайтып келе жатқанда сынып қалған.

Новоселовка-Мұқыр елдімекендерінің арасында жолда қалғандарға жедел топ аттанды.

Оқиға орнына тез жету үшін құтқарушылар жол таңдамайтын «ТРЭКОЛ» көлігіне мініп, жарты сағаттың ішінде сонда болды.

«Аудандық орталық аурухананың дәрігерлері Виктор Авраменко мен Вероника Казина 21 жастағы келіншекті босандырып алған. Алайда оның жағдайы күрт нашарлап, ота жасау қажет болды. Анасы мен жаңа туған сәбиді абайлап жылы көлікке мінгіздік. Сол жерде дәрігерлер әйелге қажетті отаны жасады», - дейді өрт сөндіру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Елеусізов.

Ал сағат 11.00 шамасында жас босанған ана мен оның сәбиі аман-есен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына келер қауіп жоқ.


Соңғы жаңалықтар