Солтүстік Қазақстанда боран кезінде жас мұғалім жоғалып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 20 жастағы Уәлиханов ауданының тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД, аудандық ІІБ, ТЖ, әкімдіктің қызметкерлері кешеден бері 20 жастағы Береке ауылының тұрғынын іздеп жатыр.

«Бейсенбі күні мұғалім 12:30-да мектептен шығып кетіп, үйіне бармаған. Оның жолда адасып жүріп ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Кейін, боран салдарынан жол көрінбей, белгісіз бағытқа кеткен», - деп пікір білдірді баспасөз қызметіндегілер. 

Бейсенбі күні Береке ауылында қатты жел бұрқасын соққаны соншалық, үйлер көрінбеген. Сондай-ақ, жас жігіт жергілікті тұрғын болмай шықты.

Аудандық ІІБ бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар