Солтүстік Қазақстанда биыл 160 елдімекеннің жолы жөнделеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 125 мың тұрғыны бар 160 елдімекеннің жолы жөнделмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы үш жылдан бері өңірдегі жолдарды жөнге келтіруге қыруар қаржы бөлініп келеді.

2018 жылы 675 км, 2019 жылы 705 км және былтыр 954 шақырым жөнделді. Нәтижесінде барлық жолдың шамамен үштен бір бөлігі жөнге келтірілді.

Басымдық негізінен елдімекендер арасындағы жолдарға берілді. Сол себепті биыл қаражаттың негізгі бөлігі аудан орталықтарындағы, үлкен ауылдардағы жолдарды жөндеуге бөлінбекші.

«Былтыр 2019 жылмен салыстырғанда 8 есе көп қаржы бөлдік. Яғни 5,8 млрд теңгеге 74 ауылдың ішіндегі жолдар жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Қаражат бар. Ең алдымен аудан орталықтарын жөнге келтіреміз», - дейді Құмар Ақсақалов.

Нәтижесінде 125 мың тұрғыны бар 160 елдімекеннің жолы жөнделеді. Осылайша өңірдегі жақсы жолдардың үлесі 74 %-ке жетпек.

Бұған дейін СҚО әкімі ауылдарды сумен жабдықтауға биыл 10,6 млрд теңге бөлінетінін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар