Солтүстік Қазақстанда белсендірілген көмір шығарылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ағаш сүрегін өңдеу перспективалары сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасов цехтарда жыл сайын 100 мың текше метр жергілікті ағаш сүрегі өңделетінін жеткізді.

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

«Жыл басында «ЛесПромУголь» ЖШС өнімдерінің алғашқы партиясын экспортқа шығарды. Ағаш сүрегін тереңдете өңдеудің нәтижесінде белсендірілген көмір (активированный уголь) алуға қол жеткізілген. Оны фильтрлеуде, медицинада, фармацевтикада, химия және азық-түлік өнеркәсібінде пайдаланады», - дейді Қ. Сәдуақасов.

Былтыр «Green Woodwork Technology» ЖШС 300 млн тенге грант алған болатын. Сол қаржыға кәсіпорын кесілген ағаш қалдықтарын өңдейтін зауыт салмақшы.

Тағы бір орман пайдаланушысы «АБД-Орманы» былтыр ағаш сүрегін әзірлейтін заманауи Харвестер және Форвардер техникасын алып, жылыжай салуды қолға алған. Биыл ағаш сүрегін өндіретін зауыттың құрылысына кіріседі.

Солтүстік Қазақстан облысында, жалпы 25 кәсіпорын ағаш өңдеп, сүрек шығарумен айналысады.



Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар