Солтүстік Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, өзгеріс негізінен білім беру мекемелеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның бас санитария дәрігері Арман Күшбасовтың жаңа қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

- 300-ге дейін оқушысы бар қала және ауыл мектептері дәстүрлі түрде сабаққа кіріседі. Алайда сыныптарда бала саны 15-тен аспауы керек;

- ата-аналардың өтінішімен жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар арасында, ал халықаралық мектептерде 7сыныпқа дейін кезекші сыныптар болады, бала саны 15-тен аспауы қажет;

- мектеп бітіретін 9,11,12 сынып оқушылары аптаның 6 күнінде пәндердің 70% штаттық режимде, қалғанын қашықтан оқиды. Адам саны 15-тен аспауы керек, 1 кабинет – 1 сынып қағидасы бойынша әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра, маска тағып білім алады. Алайда мектепте адам саны жобалық қуаттылығының 30% аспауы керек;

- оқушыларды сабақтан тыс жеке оқыту топтарында білім мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 5 адамнан аспауы қажет.

- арнайы білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттарға, мамандандырылған, арнайы ұйымдарға, жалпы және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға жұмыс істеуіне рұқсат беріледі;

- колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттеріне екінші семестрден бастап штаттық режимде оқуға рұқсат беріледі;

Бұдан басқа карантиндік шектеулер біршама жеңілдетіліп, халыққа қызмет көрсететін: автожуу, автокөліктерді, сағаттарды, тұрмыстық техниканы, телефон-компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу орындарына, тігін ательелеріне, химиялық тазалау, кір жуу, тұрмыстық үй ұстанымымен жұмыс істейтін орталықтарға жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бизнес орталықтар, ақша айырбастау пункттері, ломбардтар, қаржы нарығының субъектілері ашылады.

Бүгін сондай-ақ өңірдің бас санитар дәрігері Арман Күшбасов брифингіде коронавирус бойынша өңірдегі жағдайға тоқталып, тұрғындарды мерекені үйде, отбасымен тойлауға шақырған еді.


Соңғы жаңалықтар