Солтүстік Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында қараша айындағы инфляция деңгейін есептеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Статистика департаментінің мәліметінше, өткен айда аймақтағы инфляция 0,8 пайызды құраған. Азық-түлік және тағамдық емес тауарлар бағаларының аздап көтерілгені атап өтіледі.

Аталмыш аймақта нан, қант, май, құс еті, ұн және теңіз өнімдері, жарна, алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі өнімдері 0,5 пайыздан 4,3 пайызға дейін қымбаттаған. Қияр бағасы 28 пайыздан астам көтерілсе, қызанақ бағасы 25 пайызға қымбаттады. Сонымен бірге, сәбіз, картоп және алма бағасы арзандаған.

Солтүстікқазақстандықтарға бүгінгі күні құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және фармацевтикалық өнімдер, киім-кешек және аяқ киім, тұрмыстық техниканың бағалары да еселенген. Қысқы дизельдік отын бағасының 26,5 пайызға өскені ткіркеліп отыр.

Статистиктер бұл кезеңдегі күнкөріс деңгейін де есептеген. Олардың мәліметінше, қараша айында ол 24 309 теңгені құрап, 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,5 пайыз жоғары болып отыр.

Соңғы жаңалықтар