+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылғы 16 сәуір 13:09
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан қатты жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Петропавл қаласында күндіз көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

Сондай-ақ, Есіл өзенінің Петропавл қалалық гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Су қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін:

Сағат 12:00-дегі нақты деңгей - 929 см.

Қауіпті деңгей - 940 см (өзен алқаптарына жайылу).

Қауіпті деңгей - 960 см (судың халықаралық маңызы бар 528 км Челябинск - Новосібір автожолына шығуы).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT