Солтүстік Қазақстанда әрбір екінші отбасы ажырасып кетеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық статистиктер өткен жылғы некелер мен ажырасулар санын есептеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Статистика департаментінің дерегі бойынша, былтыр 3 605 неке тіркелген. Осы кезеңде 2107 неке бұзылған. Тіркелген некелер саны 5,9%-ға қысқарған. Ал, ажырасу саны 5%-ға артқан.

Былтыр 7 184 солтүстікқазақстандық дүниеге келген. 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жаңа туған сәбилер саны 2,3%-ға кем.

Ал, шетінегендер саны 1,8%-ға азайған. Тұрғындардың басым бөлігі қан айналым жүйесінің бұзылуы, тыныс алу органдарының ауруы, қайғылы жағдайлар, улану және жарақат, асқорыту органдарының аурулары салдарынан көз жұмған.

Халықтың табиғи өсімі 626 адамды құраған.

Облыстың халық саны 2019 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша 554,5 мың адам болған. Солтүстікқазақстандықтардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрады.

Соңғы жаңалықтар