Солтүстік Қазақстанда 800-ге жуық заңсыз қоқыс төгу орны анықталған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында аймақтың экологиялық проблемалары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы жемқорлыққа қарсы қызмет саласының өзекті мәселелері қаралды. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтауды өткір мәселелер қатарына жатқызды. Оның айтуынша, Петропавлдағы «Қызылжар Тазалық» ЖШС полигонында қатты тұрмыстық заттарды жинау технологиясын дұрыс орындамау қоршаған ортаға зиян тигізуде. Былтыр департамент «Қызылжар Тазалық» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізген. Кәсіпорын анықталған бұзушылықтарды техникалық жабдықтардың жоқтығынан орындамай отыр.

Ұйғарымды орындамаған «Қызылжар Тазалық» ЖШС-не 505 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл проблеманы жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықты тарту жолымен ғана шешуге болады. Осыған ұқсас проблема Қызылжар ауданының Бескөл ауылдық округінде де бар. Онда ҚТЗ бықсып жанатын заңсыз қоқыс орны бар», - деді Н.Жахин.

Таяуда Экология департаментінің басшысы болып тағайындалған Ерболат Омаров аймақта 458 қоқыс орны бар екенін хабарлады. Соның ішінде 256-сы жер учаскелерін рәсімдеген.

«Бейнебақылау қорытындысы бойынша, қалдықтарды сақтаудың 800-ден заңсыз орны анықталған. Былтыр соның 213-і жойылды. Үш ауылдық округтің әкімі, аудан орталықтары әкімдерінің үш орынбасары және Петропавл қаласы әкімінің орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Е.Омаров.


Соңғы жаңалықтар