+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда 4 бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

2019 жылғы 21 шілде 16:48
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда 4 бала жидектен уланып, біреуі қайтыс болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстанда 4 бала қасқыр жидек жеп уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар алкоголь, газ және дәрі-дәрмектен жиі уланады - дәрігер Көкшетауда бір мектептің 80 оқушысы ауырып қалды: Білім басқармасы ақпарат берді Павлодар: Мектеп асханасында 23 баланың улануына байланысты іс қозғалды

Қайғылы оқиға 16 шілде күні Уәлиханов ауданындағы көпбалалы отбасында болған. Келесі күні үш бала санавиациямен Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы отбасының 5 жасар баласы қайтыс болды. Бүлдіршін ұйықтаған күйі оянбай қойған. Кейін анықталғандай, балалардың анасы ештеңеден сезіктенбеген. Оның өзінің де жүрегі айнып, лоқсыған. Бірақ қалыпты жағдайға балап, мән бермеген.

«11 және 8 жасар жеткіншектер мен 8 айлық нәресте ауруханаға жатқызылды. Балалар жақында белгісіз бір жидекті жегендерін айтты. Келіп түскен кезде үшеуінің де жүрегі айнып, лоқсыды, іші өтті. Балалардың жағдайы өте ауыр болатын. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Келесі күні балалар тәуірленіп, нефрология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, ауруханадан шықты», - дейді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог дәрігері Екатерина Живнодей.

Қасқыр жидек – аса улы өсімдіктердің бірі. Оның бес жидегін жегеннің өзінде өмірге қауіп туындайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT