Солтүстік Қазақстанда 3 жасар сәби жол апатынан қаза тапты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында тасжолдан көлік ұшып кетіп, салдарынан 3 жасар сәби мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 22 тамыз күні «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 845-шақырымында болған. Есіл ауданы Қаратал ауылының маңында «Nissan Largo» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, машина жол шетіндегі жыраға аударылған. Салонда әйелі мен 3 жасар қызы болған.

Жолаушылар аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда, сәби алған жарақатынан қайтыс болды.

Жол апаты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша енгізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

«Көлік апатына не себеп болғаны анықталады. Барлық жүргізушілерді жолаушыларды, соның ішінде кішкентай балаларды тасымалдағанда қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамыз. Сақтықты ұмытпай, жолда жүру ережесін, жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.


Соңғы жаңалықтар