+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Солтүстік Қазақстанда 25 блокпост қойылды

2020 жылғы 4 сәуір 15:16
Бөлісіңіз:
Солтүстік Қазақстанда 25 блокпост қойылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы блокпосттарда карантин орнатылғаннан кейін бірнеше сағатта 170 автокөлік тексерілді, олардың 67-ін қала маңына кіргізбеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қалаға негізінен азық-түлік алуға немесе жеке шаруаларымен бара жатқан аудан тұрғындары кіре алмаған. Олардың ішінде Петропавлда жұмыс істейтін азаматтар да бар, бірақ олардың жұмыс орны қала тіршілігіне қажетті нысандар тізіміне енбеген.

«Облыстың Бас мемлекеттік дәрігерінің бұйрығына сәйкес, 3 сәуір сағат 00.00-ден бастап, облыс орталығына кіруге және шығуға тыйым салынған. Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен тауар тасымалдаушы транзиттік және жүк көліктерінің кіруіне рұқсат етілді. Тұрғылықты мекенжайына кіру немесе шығу 4 сәуір 00.00 уақытқа дейін мүмкін болды», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Петропавлдағы блокпосттар саны 6-дан 5-ке қысқарды. Якорь және Петерфельд ауылдарындағы посттарды біріктіріп, қалаға жақын маңға, яғни Мамлют тасжолындағы бұрынғы «Западный» аялдамасына ауыстырды. Березовка ауылындағы пост Солнечный ауылына (жолаушылар көлігінің соңғы аялдамасы), Пеньково ауылынан Омск айналмасына (бұрынғы «Северный» аялдамасына) ауыстырылды.

Облыс аудандарында 25 карантиндік пост бар. Аудан орталықтары және республиканың басқа облыстарымен шекара жабық. Коронавирус инфекциясының ошағы анықталған Келлеровка ауылы да жабылды. Барлық пост карантин режимінде жұмыс істеп жатыр.


Полицейлер ресми дереккөздер таратқан жаңалықтарды бақылап отыруды және қатаң сақтауды ұсынады.

4 сәуір таңертеңгі мәлімет бойынша, ауданда 25 коронавирус жұқтыру жағдайы анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT