Солтүстік Қазақстанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы Диана Набатчикованы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 жасар қыз 7 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Белгілері: бойы - 167-170 см, шашы қара, иығынан төмен түсіп тұрады, дене бітімі орташа, қой көзді. Үстінде көк пальтосы, джинсы шалбары болған.

Қандай да бір ақпарат білетін азаматтар тез арада мына телефондарға қоңырау шалып, хабар беруіне болады: 39-48-37, 39-48-32, 39-48-07, 8-747-492-59-15, 8-707-297-47-12, 8-705-336-56-07. 

Соңғы жаңалықтар