Солтүстік Қазақстан жастар кәсіпкерлігін дамытуға 200 млн теңге бөледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жастармен бейресми кездесіп, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысымен кездесуге облыстың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген жастар келді. Ең іскер, белгілі бір жетістікке жетіп үлгерген, шығармашыл, креативті және спортта үздік жастар ой-пікірлерімен, болашаққа жоспарларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Құмар Ақсақалов жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып, мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар туралы айтты.

«Даму» қорымен біріге отыра, жастар кәсіпкерлігін одан әрі дамыту керек. Біз келесі жылы бұл бағытқа 200 млн теңге бөлуге дайынбыз. Жастарды «қарапайым заттар» экономикасы саласы бойынша бизнес бастауға шақырамын. Ал, оларды оқытуға тәжірибелі кәсіпкерлерді тарту керек. Оқу орындарында бизнесмендер өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Оқушылар сарайы қабырғасында питчингтер ұйымдастырып, ол жерде жастар өздерінің бизнес-идеяларымен бөліседі. Кәсіпкерлер олардың жобасын бірлесе жүзеге асыратын болады», - деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы волонтерлар қозғалысының маңыздылығы туралы айта келе, жұмыс берушілерді жастарды қызметке алған кезде волонтерлік тәжірибелерін ескеруді сұрады.

Университет қабырғасында студенттердің жобамен айналысуы туралы да атап өтілді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен келесі жылы өңірде оқыту-зертханалық корпус салынады. Ол заманауи қондырғылармен жарақтандырылмақ. Әлемдегі барлық үздік технологиялар бізде де болады. Жастар өздерінің ғылыми потенциалдарын барынша қолданулары қажет. Университетте студент бір жобаны қолға алып, оны кәсіпкерлермен бірге жүзеге асыратындай тәжірибені енгізу керек. Дипломмен бірге жобасын да қорғап шығады. Сөйтіп, біз жастарды ғылым және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандырамыз»,- деді Құмар Ақсақалов.

null

Соңғы жаңалықтар