14:41, 03 Шілде 2020 | GMT +6
Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
4 шілдеде Қарағанды облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.
Кей аймақтарда күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды және Жезқазған қалаларында найзағай жарқылдайды.