Солтүстік Қазақстан су деңгейі қайта көтерілуі мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тағы да су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сәйкес, су Қызылжар ауданына қарасты Новоникольск және Долматов ауылдарының маңын басуы ықтимал.

Облыс орталығына жақын аймақта республикалық бағыттағы «Челябинск-Новосибирск» жолын су басу қаупі бар. Новоникольск ауылының маңындағы көпірді су басып, енді ол Николаевка, Өрнек және Покровка ауылдарына қарай ойысып барады.

«Су деңгейі «Есіл өзені - Петропавл қаласы» гидрологиялық бекетінде көтеріліп, тіпті шарықтау шегіне жетуі ықтимал. Петропавл су қоймасында су деңгейі 1 тәулікте 4 см-ден 881 см-ге дейін жетті»,-деді «Қазгидромет» кәсіпорны филиалының директоры Наталия Левина.

Оның сөзінше, Сергеевск су қоймасында су төмендеп барады.

2 мамырда өңірде жауын жаумайды, кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түне 3-8, кей жерлерде 0 градусқа жетеді. Күндіз ауа температурасы -5 және -10, кей жерлерде 13 градус жылы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар