Солтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры ауысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жарқын Белгібеков СҚО-ның табиғат қорғау прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарқын Белгібеков 1983 жылы СҚО Есіл ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Үйленген. Білімі жоғары.

Сыныптық шені - кіші әділет кеңесшісі.

Прокуратура органдарында 2009 жылдан бастап қызмет етеді.

Еңбек жолын СҚО Уәлиханов ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Мамлют, Аққайың аудандары прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарманың аға прокуроры, облыс прокурорының көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың маусымынан бері СҚО прокуратурасының аппаратында облыс прокурорының жұмылдыру жұмыстары бойынша аға көмекшісі болды.

Бұған дейін Бас прокурордың бұйрығымен Ернат Сыбанқұлов Бас көлік прокуроры лауазымынан басқа қызметке ауысуына байланысты босатылғанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар