Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 555,7 мың адамға жетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 555,7 мың адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, тұрғындардың 45,3 пайызы - 251,7 мыңы қалада тұрса, қалған 304 мыңы ауыл тұрғындары. 

Ал өңірдегі 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны - 314,5 мың адам немесе 70,5 пайыз. Облыс экономикасында 299,6 мың солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған. Жалданып нәпақасын тауып жүргендердің басым бөлігі (88 пайызы) кәсіпорындарда  еңбек етеді. Өздерін жұмыспен қамтып отырғандардың саны - 82 мың адам. Олардың 63 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді. Қалғандары сауда және көлік қызметін көрсету салаларында жүр.

Жұмыссыз жүргендердің басым бөлігі, әдеттегідей әйелдер - 7,6 мың адам. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі облыста 4,8 пайыз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар