Солтүстік Қазақстан облысында жол апатының басты себептері айтылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 5 ай ішінде 74 жол-көлік оқиғасы болған, онда 10 адам қаза тауып, 94-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан жаяу жүргіншіні қағып кетудің 27 фактісі орын алған, салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілер өткелінен өту және маневр ережесін бұзу, жылдамдықты асыру, ара қашықты сақтамау, реттеушінің белгісін себерші болады. Сондай-ақ кісі өлімі болған апаттар сағат 16.00-18.00 және 18.00-20.00 аралығында жиі тіркелген. Полицейлердің айтуынша, сағат 00.00 мен 04.00 аралығы да қауіпті кез деп саналады.

Жол-көлік оқиғаларын талдаған тәртіп сақшылары мас жүргізушілерге қатысты деректерді анықтады. Бес айдың ішінде 11 факті, нақтырақ айтсақ, әр жетінші апатты ішімдікке құмар жүргізушілер жасаған. Салдарынан 2 адам мерт болып, 15 адам жарақаттанды.

«Жол-көлік оқиғаларын талдаудың маңызы зор. Ол патрульдік полиция маршруттарын түзетуге, жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеуге көмектеседі. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын сақ болуға және жолда жүру ережелері мұқият сақтауға шақырамыз — бұл жолдағы қауіпсіздіктің басты шарты», - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Соңғы жаңалықтар