Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, көктайғақ болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, бұл күні Петропавл қаласында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар