Солтүстік Қазақстан облысында ТМД-дағы кабель шығару бойынша жалғыз зауыт іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «BARTEC Kazakhstan» ЖШС-нің өзінен-өзі реттелетін жылыту кабелін шығаратын зауыттың салтанатты түрде ашылуы өтті. Кәсіпорын екінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасының 16-шы жобасы және СҚО-ның 2016 жылы іске қосылған бірінші жобасы болып табылады.

Зауыттың ашылуына СҚО-ның әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Аймақ басшысы бүгінде біздің елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен индустриялық-инновациялық саласын дамыту бойынша көлемді жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өтті.

«Жаңа кәсіпорын одан әрі дамитына сенімдімін. Зауыттың басшылығы мен қызметкерлерін өндірістің ашылуымен құттықтаймын! Сіздерге гүлдену, сенімді қарқынды даму және табыс тілеймін!» - деді Ерік Хамзаұлы.

«BARTEC» компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Дмитрий Сұлтанов бұл Қазақстанда осындай тектес бірінші өндіріс екенін атап өтті.

СҚО-ның әкімі символикалық түймешекті басу арқылы кәсіпорын жұмысының басталуына жол ашты.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, «BARTEC Kazakhstan» ЖШС-нің зауыты жоғары ылғалдылық, қатты химиялық әсер ету және өсірілген механикалық жүктеме кезінде пайдалануға болатын өзінен-өзі реттелетін жылыту кабелін шығарады. Өнім сумен жабдықтау, өнеркәсіп сияқты салаларда пайдаланылуы мүмкін.

Әлемде BARTEC компаниясының кабельдің бұл түрін шығаратын екі зауыты жұмыс жасауда. Петропавлда үшінші және ТМД аумағындағы жалғыз зауыт ашылған.

Зауыт инвестициялық қаражат есебінен құрылды. Шетелдік салымдардың жалпы сомасы 600 млн. теңгені құрады.
2
3

Соңғы жаңалықтар