Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік 50 азамат елден қуылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 54 шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін Қазақстаннан қуылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот оларды елден шығару шешімін әкімшілік заңнаманың өзге де бұзушылықтары үшін қабылдады. Шетелдіктердің арасында мұндай заң бұзғандар саны - 7. Енді олар үшін Қазақстан аумағы 5 жылға жабық.

Мәселен, 45 жастағы Ресей Федерациясының азаматы спирттік ішімдіктер ішіп, жол ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын.

Ал Петропавлда рұқсатсыз саудамен айналысқан Өзбекстан азаматы облыс орталығында бірнеше ай тұрып келген.

Қазіргі таңда Қазақстаннан кетуі керек болған 6 адам түрлі себептермен сот қаулысын әлі де орындамады. Оларды облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері өз бақылауына алды. Егер, олар сот шешімін орындамаса, қылмыстық жауапқа тартылатын болады. Жыл басынан бері осындай сипатта 8 қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар