Солтүстік Қазақстан облысында мешіт өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют қаласында орналасқан аудандық мешіттің шатыры өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ақпарат кезекші бөлімге сағат 17:56-да түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалынмен күресуге 30-ға жуық адаммен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Сағат 20:15-те өрт толық сөндірілді.

Қазір шығын көлемі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт пештен шыққан.  

Соңғы жаңалықтар