Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шығып, өңірде карантин талаптары күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас санитар дәрігер Серік Қасмақасовтың 23 қазандағы №33 қаулысына сәйкес, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Уәлиханов аудандарының және Петропавл қаласының әкімдері, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшылары елге кіреберістегі шектеу шараларының қатаң орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы екіжақты және транзиттік тасымалдарда халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерге арналған нұсқаулық бекітіледі. Ал полиция осы нұсқаулықтың орындалуына мониторинг жүргізеді.

Жаңажол, Бидайық, Қарақоға автобекеттерінде санитариялық карантин пунктілерінде тамақтануға және демалуға арналған тұрақ орындары бекітіледі.

Аудандардың және Петропавл қаласының әкімдері, аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшылары тамақтану және демалу тұрақ орындарында объектілердің жұмыс алгоритмінің сақталуын бақылайды.

Айта кетейік, жаңа қаулы 27 қазан сағат 00:00 бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар