Солтүстік Қазақстан облысында Гүлмира Кәрімова сенатор болады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК хабарлағандай, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша үміткер ретінде тіркелген Г.Кәрімованың кандидатурасын 144 адам қолдады.

Гүлмира Кәрімова 45 жаста. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы болып қызмет етуде.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар