Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қазан күні – күндіз, 11 қазанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Сондай-ақ 10 қазанда күндіз оңтүстіктен соғатын желдің екпіні солтүстік-батыс бағытына ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

11 қазан күні солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, оның күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с жететіні күтіледі.

Соңғы жаңалықтар