Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын соғып тұр

ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 23 ақпанда күн райы бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Таңертеңнен жел тұрып, боран соқты. 11:30-да аймақтағы барлық жол жабылды. Түске таман айтарлықтай күшейді.
«Облыс бойынша бұрқасын соғып тұр. Тайынша ауданында желдің жылдамдығы секундына 32 метрге, Петропавлда секундына 25 метрге жетеді. Циклон оңтүстік-батыстан келді. Ертең циклон шығысқа қарай жылжиды және жел басылады. Арктикалық антициклон тыл жағына ауысады. Бұл ауа температурасының төмендеуіне әкеледі», – деді «Қазгидромет» РМК филиалы директорының орынбасары Наталия Левина.
24 ақпанда өңірде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр, ұйытқуы секундына 30 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз 17-22 градус аяз, түнде минус 20-25 градус.
25 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын, қар жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Күндіз минус 23-28 градусқа дейін суытады, түнде – 30-35 аяз болады.
26 ақпанда ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасының күндіз минус 23-28 градусқа дейін, түнде 33-38 градусқа дейін төмендеуі болжануда.
- 7,5 мың теміржолшы пойыз жолдарын қардан тазартуда
- Түркістанның Созақ ауданында бір күнде 4 автобус жолда қалды
- 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары – министр Мырзағалиев
- Бүгін Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды
-
Жел, көктайғақ, тұман: 27 ақпанға арналған ауа райы болжамы
-
СҚО-да Жамбылдың 175 жылдығына орай бірегей мурал орнатылмақ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам