Солтүстік Қазақстан облысында барлық бағыттағы жолдар жабылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстікте шыңылтыр аяз күшіне мініп тұр. Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 17:00 бастап барлық бағыттағы жолдар жабылады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындарына ескерту жасады:

- тіршілігіңізді сыртқа шықпай, ғимараттың ішінде жасайтындай етіп ыңғайлаңыз;

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз;

- елді мекеннен шығу және кіруді шектеңіз;

- осы маңызды ақпаратты көршілеріңізге жеткізіңіз, қарттар мен сырқаттарға көмек көрсетіңіз.

Естеріңізге сала кетейік, 112 құтқару қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Өміріңізге қауіп төнсе немесе төтенше жағдай болса, дереу осы қызметке қоңырау шалып, көмек шақыру қажет.


Соңғы жаңалықтар