Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2018 жылғы 4 маусым 12:53

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 5 маусымда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл болады және бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Болжам бойынша, Петропавл қаласында 5 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жаууы мүмкін.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT