Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы күрт суытады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

20-21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, күн күркірейді. Күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.

20-21 маусымда Петропавл қаласында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар