Солтүстік Қазақстан облысында 200-ден астам адамға рақымшылық жасалады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 200-ден астам адамға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Өңірдегі алты колонияда 1971 адам жазасын өтеуде. Алдын ала деректер бойынша, оның 230-ы рақымшылық әрекетіне сәйкес келеді.

«Оның ішіндегі 40 адам босатылса, 116 сотталушының жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Тізім жасалды. Үлкен емес және орта қиындықтағы қылмыс жасаған сотталушылар босатылады», - деп айтты СҚО ҚАЖД арнайы тіркеу тобының бас маманы Сауле Мустафина.

Сонымен қатар, рақымшылыққа тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтары: мүгедектер, кәмелетке толмағандар, зейнет жасындағы сотталушылар мен кәмелетке толмаған балалары бар заң бұзушылар сәйкес келеді. 

Соңғы жаңалықтар